Чтобы обеспечить высочайшее качество наших услуг, Мы используем куки. При использовании нашего веб-сайта файлы cookie загружаются на вашем устройстве. Вы можете изменить настройки вашего браузера в любое время. Кроме того, используя наш веб-сайт вы принимаете условия обработки персональных данных, предоставляемые электронными средствами.
Назад

Ульмдар әулетінің азап шегу оқиғасы бүкіл әлемге белгілі болуы керек

10.09.2023

Prezydent RP Andrzej Duda

Анджей ДУДА

 

Польша Республикасының Президенті.

 

Ульмдар әулетінің азап шегу оқиғасы бүкіл әлемге белгілі болуы керек

 

Поляктар ретінде біз жерлестеріміздің, Ульмдар әулетінің 2023 жылдың 10 қыркүйегінде католик шіркеуінің әулиелерінің қатарына қосылатынына мақтан етеміз. Бұл оқиғаның маңыздылығы діни өлшемнен де асып түседі. Сондай-ақ бұл адамзаттың ең жоғары мұраттарын кейіптейтін қаһармандарға тағзым ету болады.   

 

Мейрімді самариялық кісі туралы астарлы әңгімені баяндайтын бетте ашылған, үзіндінің атауы қызыл түспен сызылған, және «ИӘ!» деген қолмен жазылған жазбасы бар - сарғайған, қатты тозған Киелі кітап. Дәл осы жәдігер, Польшаның оңтүстігіндегі Маркова ауылындағы Екінші дүниежүзілік соғыста Еврейлерді құтқарған Поляктардың  Ульмдар жанұясы атындағы мұражайы ойыма оралған сайын менің есімде.

 

Киелі кітаптың жоғарыда аталған данасы ерлі-зайыптылар Юзеф пен Виктория Ульмға тиесілі болды. Олар поляк фермерлері болған, өз үйінде еврей тектес сегіз отандастарын паналады: Саул Гольдман төрт ұлымен, Голда Грунфельд және Лея Диднер кішкентай қызымен. 1944 жылы 24 наурызда таң атқанға дейін неміс жандармдары Маркова ауылындағы үйге басып кірді. Олар жасырынған еврейлер мен олардың қамқоршыларын сол жерде атып тастады. Юзеф Ульма мен оның жүкті әйелі Виктория, және олардың алты кішкентай балалары да қайтыс болды.

 

Неміс-нацистік оккупация, Холокост және поляктарға қарсы жаппай қылмыстар - әлі күнге дейін менің Отанымның бүкіл тарихының өте маңызды және ауыр арқауы. Менің көптеген жерлестерім Ульм отбасының тағдырын бөлісті. Жыл сайын 24 наурызда біз мемлекеттік мерекені - неміс оккупациясы кезінде еврейлерді құтқарған поляктарды еске алудың Ұлттық күнін атап өтеміз.

 

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Польшада аса үлкен еврей қауымы болды, ол ұлт тарихындағы ең ірі қауымдардың бірі болды. Ғасырлар бойы еврейлер біздің елге ықыласпен қоныстанды. Елімізді өздері Полин сөзімен атап кетті. Ол «сен осында демала аласын» деп аударылады. Олар Польшада бейбітшілік пен даму мүмкіндіктеріне ие болды, ал біздің Астанамыз Варшава 1930 жылдардың аяғында Нью-Йорктен кейінгі әлемдегі еврей халқының екінші ең көп шоғырланған жері болды. Адамгершілікке жатпайтын, механикалық, дерлік индустриялық сипатымен таң қалдырған еврейлерді толығымен жоюдың неміс жоспары, осы фактілерді ескеруге мәжбүр болды. Сондықтан оккупацияланған Польшада неміс фашистері өлім зауыттарын құрды: Үшінші рейх жаулап алған басқа елдерден еврейлер тасымалданған өлім лагерлерін.    

 

Сонымен қатар, Польша ғасырлар бойы ниеттесті, мәдениеті мен қоғамдық қарым-қатынастары христиандық құндылықтар негізінде қалыптасқан мемлекет ретінде танымал болды. Осылайша неміс оккупациялық билігі өздерінің қылмыстық әрекеттеріне қарсы тұруды күтті. Сондықтан олар жасырынған еврейге қандай да бір көмек көрсетуге тырысқан кез келген адамды өліммен қорқытты. Алайда, мұндай қатаң санкцияға қарамастан, мыңдаған поляк еврейлері өмірлерін сақтап қалған қолдауға ие болды. Оларға геттодан қашуда, жасырын тұратын жерлермен қамтамасыз етуде, азық-түлікті, ақша және жалған құжаттарды жеткізуде көмек көрсетілді.

 

Тарихшылар сол жылдардағы драмалық оқиғалардың барысын әлі де қайта құруда. Осы уақытқа дейін жеті мыңнан астам поляк, соның ішінде Виктория мен Юзеф Ульмалар, Иерусалимдегі Яд Вашем институты тағайындайтын «Ұлттар арасындағы әділ» атағына ие болды. Әділдердің құрметті тобының ішінде поляктар ең үлкен ұлттық топ болып табылады. Сонымен қатар, поляк билігі мен мемлекеттік мекемелері өздерінің құрбандықтары мен ерліктері үшін өмірлерімен төлеген үнсіз, көбінесе аты-жөні белгісіз қаһармандарды - лайықты тағзым ету үшін күш салуды тоқтатпайды.

 

Поляктар ретінде біз жерлестеріміздің, Ульмдар әулетінің 2023 жылдың 10 қыркүйегінде католик шіркеуінің әулиелерінің қатарына қосылатынын мақтан тұтамыз. Бұл оқиғаның маңыздылығы діни өлшемнен де асып түседі. Сондай-ақ бұл адамзаттың ең жоғары мұраттарын кейіптейтін қаһармандарға тағзым ету болмақ. Олардың жан түршігерлік,  және сонымен бірге жақынына деген сүйіспеншіліктің ерекше айғағы ретінде азап шегу оқиғасы - бүкіл әлемге белгілі болуы керек. Ол адамдардың жүрегін өзгертсін, басқа адамға деген жайдарылық пен ниеттестіктің үлгісі болсын.

 

 

Анджей Дуда

 

Мәтін Ұлттық жад институтымен және Поляк Ұлттық Қорымен тарихи жобада "Wszystko co Najważniejsze" поляк ай сайынғы журналымен бірлесіп жарияланды.

 

Andrzej DUDA

 

Президент Республики Польша.

 

История мученичества Ульмов должна быть известна во всем мире

 

Как поляки, мы гордимся тем, что 10 сентября 2023 г. семья Ульмов, наших земляков, будет причислена к блаженным католической Церкви. Значение этого события выходит за рамки религиозного измерения. Это также будет дань памяти героям, олицетворяющим собой самые высокие идеалы человечества.

 

Пожелтевшая, сильно потертая Библия, развернутая на притче о добром самарянине, с названием отрывка, подчеркнутого красной линией и рукописной припиской: ДА! – именно этот экспонат, я вспоминаю всякий раз, когда возвращаюсь мыслями в Музей поляков, спасавших Евреев во Второй мировой войне им. Семьи Ульмов в селе Маркова на юге Польши.

 

Упомянутый экземпляр Священного Писания принадлежал супругам Юзефа и Виктории Ульмам. Это были польские фермеры, приютившие в своем доме восемь сограждан еврейского происхождения: Саула Голдмана с четырьмя сыновьями, Голду Грюнфельд и Лею Диднер с маленькой дочерью. Перед рассветом 24 марта 1944 в дом в Марковой ворвались немецкие жандармы. Скрывавшихся евреев и их опекунов они расстреляли на месте. Погибли не только Юзеф Ульма и его беременная жена Виктория, но и их шестеро несколько летних детей.

 

Немецко-нацистская оккупация, Холокост и массовые преступления против поляков чрезвычайно важна и до сих пор болезненной нитью в истории моей Родины. Многие мои земляки разделили судьбу семьи Ульмов. Каждый год 24 марта мы отмечаем государственный праздник – Национальный День Памяти Поляков, спасавших евреев под немецкой оккупацией.

 

Перед началом Второй мировой войны в Польше существовала очень большая еврейская община, одна из самых больших в истории этой нации. Веками евреи охотно селились в нашей стране, которую они сами называли словом все говорившимся за себя словом Полин, что переводится как «здесь ты отдохнешь». Они наслаждались миром и возможностями развития в Польше, а наша столица Варшава в конце 1930-х была второй по величине концентрацией еврейского населения в мире после Нью-Йорка.

Немецкий план полного уничтожения евреев, поражавший своим бесчеловечным, механическим, почти индустриальным характером, должен был учитывать эти факты. Поэтому в оккупированной Польше немецкие нацисты создавали заводы смерти: лагеря уничтожения, куда также свозили евреев из других стран, покоренных Третьим Рейхом. Кроме того, Польша на протяжении веков славилась как толерантная страна, государство, где культура и социальные отношения формировались на основе христианских ценностей. Следовательно, немецкие оккупационные власти рассчитывали на сопротивление их преступной деятельности. Поэтому они угрожали смертью каждому, кто хотя бы попытается помочь скрывающемуся еврею. Однако, несмотря на столь строгую санкцию, тысячи польских евреев получили поддержку, которая позволила спасти их жизни. Им помогали в бегстве из гетто, предоставляли скрытые места жительства, доставляли еду, деньги и фальшивые документы.

 

Историки до сих пор восстанавливают течение драматических событий тех лет. Сейчас более семи тысяч поляков, в том числе Виктория и Юзеф Ульмы, были удостоены звания Праведника народов мира, которое предоставляет Институт Яд Вашем в Иерусалиме. Среди достойной уважения группы праведников поляки являются самой большой национальной группой. Кроме того, польские власти и государственные институты не прекращают своих усилий, чтобы достойно почтить молчаливых, часто анонимных героев – особенно тех, которые заплатили за свою жертву и мужество жизнью.

 

Как поляки, мы гордимся тем, что 10 сентября 2023 г. семья Ульмов, наших земляков, будет причислена к блаженным католической Церкви. Значение этого события выходит за рамки религиозного измерения. Это также будет дань памяти героям, олицетворяющим собой самые высокие идеалы человечества. История их мученической смерти – шокирующая и одновременно возвышенная как чрезвычайное свидетельство любви к ближнему – должна быть известна во всем мире. Пусть она изменяет сердца людей, пусть будет образцом открытости и солидарности по отношению к другому человеку.

 

Andrzej Duda

 

Текст опубликован совместно с польским месячником "Wszystko co Najważniejsze" в историческом проекте с Институтом Национальной Памяти и Польским национальным фондом.

{"register":{"columns":[]}}